Дәрінің жағымсыз әсері Алматы мен Қызылорда облыстарында көптеп тіркелген
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде еліміздегі дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың жағымсыз әсерлерін мониторингтеу жөнінде өткен брифинг барысында мәлім болды.
«Министрлік елдегі дәріліік заттардың бағасын реттеуге бағытталған заң жобасын әзірлегенін және заңнамалық құжат қазіргі уақытта Сенат қарауында жатқанын еске салғым келеді. Бұл заң келесі жылы күшіне енеді деп жоспарланып отыр. Министрлік дәрілік заттардың көтерме және бөлшек сауда бойынша шекті бағасын бекіту құзыретіне ие болады. Ол баға денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітіліп, қоғам үшін қолжетімді болады және сәйкес ақпарат тиісті орындарға орналастырылады. Сонымен қатар, ұлттық дәрілік заттар сараптамасы орталығымен дәріханадағы дәрі бағасының бекітілген бағаға сәйкестігін тексеретін мобильдік қосымша әзірленді», — деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова.
Ол шекті бағадан жоғары баға белгілегені үшін дәріханаларға тиісті айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын айтты. Егер, бұл жағдай бірнеше рет қайталанса, лицензия алдымен жарты жылға тоқтатылады, кейіннен лицензиядан мүлде айырылады.
Сонымен қатар, брифинг барысында ҚР ДСМ Фармация комитетінің төрайымының орынбасары Нұрлыбек Асылбеков дәрілік заттардың жағымсыз әсері қай өңірлерде жиі тіркелетінін айтты.
«Өздеріңіз білесіздер, Қарағандыда «Пропофол Липуро» препаратынан бала қайтыс болған. Алайда, кейіннен жүргізілген зерттеу нәтижесінде анықталғандай, Кетамин және тағы бір үшінші препаратты қабылдау салдарынан көз жұмған. Сол сияқты, Астана қаласында дәрілік заттың жағымсыз салдарынан адам өліміне алып келген оқиға тіркелді. Қазіргі уақытта, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы құралдардың жағымсыз әсері бойынша фактілер көбіне Алматы, Қызылорда, Қостанай облыстарында тіркелген», — дедіі Асылбеков.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Ұқсас сілтемелер:
Дереккөз: BAQ.KZ