Дәрігерлердің жұмысын тексермек болған қазақстандық азамат айыппұл арқалады — Қазақстан жаңалықтары

0

Дәурен Абаев қазақстандықтардан дәрігерлерді маңызды жұмысынан басқаға алаңдатпауға шақырды.

Атырауда бір жерден үш адамның денесі табылды

Ол дәрігерлердің коронавируспен күресуге дайындығын тексеруді жөн көрген жігіт туралы әңгімеледі.

«Damumed порталында Қазақстанның жас азаматы өз бойында covid-19 белгілері бар екендігі туралы әдейі жалған ақпаратты көрсеткен. Дәрігерлер аурудың белгілерін қарап ешнәрсе таппады», — деді Абаев.

Жігіттің шетелге шықпағаны және вирус жұқтырушылармен байланысы жоқ екені белгілі болды. Бірақ ол отандық денсаулық сақтау жүйесінің пандемиямен күресуге қаншалықты дайын екенін тексергісі келді. Бұл үшін оған айыппұл салынды.

«Дәрігерлер тәулік бойы жұмыс істейді, олар әр минутты санап отырады. Осыны ұмытпайық», — деді Дәурен Абаев қазақстандықтарға.

stan.kz