дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты
Қысқа сілтеме алу
Зардап шеккен екі адам әлі тілге келмеген, денелерінің 60-70% күйік шалған
АСТАНА, 16 наурыз — Sputnik. №1 қалалық аурухананың дәрігерлері Астанада газ балонының жарылуынан зардап шеккендердің жағдайына қатысты түсініктеме берді.
«Кеше кешке қарай бізге түскен екі адамның да жағдайы нашар. Оның бірі – ер, екіншісі – әйел адам. Атап айтқанда, олардың тыныс алу жолдары термоингаляциялық зақымданған. Денелерінің 60-70% күйік шалған (әйел — 70%, ер адам — 50%). Қазіргі уақытта оларды құтқарудың барлық жағдайы жасалып жатыр, ал басқалай болжам жасауға әлі ерте», — деді Травматология бөлімінің меңгерушісі Алексей Солод.
Сондай-ақ, дәрігер зардап шегушілердің әлі тілге келмегенін айтып өтті, деп хабарлады Елорда Инфо.
Еске сала кетейік, кеше Алаш тас жолы бойындағы «МолПродуктсервис» ЖШС-нің екі қабатты ғимаратында газ баллон жарылған болатын.
Оқиға орнына Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов, ҚР ІІМ ТЖК төрағасы Владимир Беккер, Астана қаласы ТЖД басшысының уақытша міндетін атқарушы Марғұлан Аманбаев пен Байқоңыр ауданының әкімі Ерлан Каналимов барды.
sputniknews.kz