“Дәрігерлер ұлыма 1-2 күнде о дүниеге аттанатынымды айтыпты” — Жүрсін Ерман

0

Аақын, айтыс жанашыры Жүрсін Ерман ауырып, 12 күн комада жатқаны туралы айтты. Бұл туралы KYN.KZ жазды.  Ол бұл жайында «Айтыс» youtube-арнасына берген сұхбатында бөлісті.

«Дәрігерлер ұлыма “әкеңіз 1-2 күннен қалмай о дүниеге аттанады, дайындала беріңдер» деп айтқан. Сосын рұқсат қағазымен үйге алып кетті. Бірақ дәрігерлердің айтқаны болмады. Қайтадан адам қатарына қосылдым ғой», — дейді ол.

Жүрсін Ерман айтыс деп жүріп, қалай денсаулығының сыр бергенін байқамай қалған.

«Халықтың қолдауы кісіге күш, дем береді екен. 70-80-дей ақын бірінен соң бірі мені үйге іздеп келді. Сәлем айтып, көңіл сұрап кетті. Айтысты тірілтем деп арпалыстым ғой. Айтысты тірілтем деп жүріп өзім өлуге айналыппын»,-дейді ақын.