Дәрігерлер суға шашалып қалған 11 айлық сәбиді тірілтіп алды — Қазақстан жаңалықтары
Бүгін Шымкент ауруханасынан 11 айлық сәби шығарылды. Ол балаларға арналған ваннада шомылып жатып өліп қала жаздаған.
Сурет: Көрнекі сурет
Оқиға өткен аптада орын алған. Жергілікті тұрғындардың бірі жедел жәрдемге қоңырау шалып, көмек сұрапты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz.
Ол шомылдырып жатқан кезде сәбиінің шашалып қалғанын айтқан. Оқиға орнына келген жедел жәрдем бригадасы сәбидің тыныс алмай жатқанын көреді. Сәбидің тірі екенінің белгілері байқалмапты.
Дәрігерлер бірден реанимациялық шараларды жасауға кірісіп, баланың өкпесін судан тазартып, жасанды тыныс алдыру әрекетін жасапты. Арада 3 минут өткеннен кейін сәбидің жүрек соғысы пайда болып, тынысы қалпына келген.
Артынша сәби анасымен бірге қалалық балалар ауруханасына жеткізілді. Мұнда сәби бірнеше күн бойы ем алыпты. Қазіргі уақытта оның жағдайы қалыпты. Сондықтан үйіне жіберілген.
stan.kz