Дәрігерлер қыздың көзінен 4 тірі араны алды  — Қазақстан жаңалықтары

0

Офтальмолог науқастың көзін 4 тірі араны алып шықты. Айтуынша, бойжеткен көзін уқаламағандықтан оның жанарына зақым келмеген. 

Дәрігерлер қыздың көзінен 4 тірі араны алды 

29 жастағы тайваньдық Хэ есімді бойжеткен жақынының зират басына барып, көзін зақымдап алды. Ол көзіне әлдене түсіп кеткенін сезеді. Ол көзіне топырақ түсіп кеткен деп ойлаған. Көзін жуғанымен, жеңілдемейді Сондықтан дәрігерге жүгінеді. 

Дәрігер тексеру кезінде науқастың көзіндегі не екенін бірден түсіне алмады. Сосын микроскоптың көмегімен қарағанда, жәндіктің аяғын байқайды. Дәрігер Хунг Чи-Тинг науқастың көзінен осылайша галиктид деп аталатын 4 араны алып шықты. Аралар әлі де тірі болған. 

Араның бұл түрі әдетте зират басында, құлаған ағаштарда, адам терісі шыққан жерлерде болады. Дәрігерлер бойжеткеннің басында болған жағдай олардың тәжірибесінде ғана емес, әлемде алғаш кездескенін айтты. Қыздың көз жанарын сақтап қалғаны қуанарлық жайт болды. 

stan.kz