Дәрігерлер қандай адамның 80 жасқа дейін өмір сүретінін айтты

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

4 0 0

Жүрісі шапшаң, қимылы ширақ жетпістегі қарияның 80 жасқа дейін өмір сүруге 100 процент мүмкіндігі бар

НҰР-СҰЛТАН, 21 қыркүйек – Sputnik. Жапониялық геронтологтар ұзақ жылдар бойы зерттеу жүргізіп, адамның 80 жасқа дейін өмір сүріп-сүрмейтінін анықтаудың тәсілін тапты.

Жапон геронтологтары ұзақ уақыт бойы 60 пен 80 жас аралығындағы адамдардың жүру жылдамдығын тексерген. Зерттеу 1997 жылы басталыпты. Он жылдан кейін «орташа статистикалық» жапонның жүру жылдамдығы осы кезеңде 5-10 процентке артқаны анықталды.

Тағы оқыңыз: Өмірді ұзартып, қартаюды баяулатады – ғалымдар ерекше жемісті атады

Бұған қоса, ұзақ жылғы зерттеудің нәтижесінде ғалымдар мынадай қорытындыға келді: егер адам жетпіс жасында шапшаң жүріп, ширақ қимылдаса (секундына шамамен 1,5 метр жүрсе), оның 80 жасқа дейін өмір сүруіне 100 процент мүмкіндігі бар. Ал егер осы жаста секундына жарты метрді де еңсере алмаса, тағы он жыл өмір сүруі екіталай.

Сарапшылардың айтуынша, адамның жүріс қарқыны –  өмір сүру ұзақтығын дәл болжауға мүмкіндік беретін жақсы индикатор. Адам қалыпты режимде неғұрлым тез жүрсе, соғұрлым ұзақ өмір сүреді, деп жазады rg.ru.



sputniknews.kz