Дәрігерлер қай өңірлерде коронавирус жұқтырғаны белгілі болды

Пациенттермен жұмыс істей жүріп науқастанып қалған дәрігерлер сырқаттанғандардың жалпы санының 10%-ін құрады
НҰР-СҰЛТАН, 7 сәуір – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус жұқтырған 120 медицина қызметкерінің 67-сі науқастармен тікелей жұмыс істегенін, қалғаны әр түрлі себеппен ауырып қалғанын мәлімдеді, деп мәлімдеді Sputnik Қазақстан.
6 сәуірдегі мәлімет бойынша 8 өңірде науқастармен жұмыс істеген дәрігерлер індетті жұқтырған:
- Ақмола облысы – 1,
- Атырау облысы – 2,
- Қарағанды облысы – 4,
- Қызылорда облысы – 1,
- Солтүстік Қазақстан облысы – 6,
- Түркістан облысы – 1,
- Алматы қаласы – 21,
- Нұр-Сұлтан қаласы — 31.
Осылайша, пациенттермен жұмыс істей жүріп науқастанып қалған дәрігерлер сырқаттанғандардың жалпы санының 10%-ін құрады.
«Қазіргі уақытта бір медицина қызметкері ауыр жағдайда, 9 науқастың жағдайы – орташа . Қалған 57 симптомдарсыз және жағдайы қанағаттанарлық, хаттамаға сәйкес емдеуден өтеді», — деп жазылған министрлік таратқан хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, кеше бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова Қазақстанда 120 медицина қызметкері індетке шалдыққанын мәлімдеген болатын.
Соңғы мәлімет бойынша 685 адам коронавирус жұқтырды, 6 адам қайтыс болып, елуі жазылып шықты.
sputniknews.kz