дәрігерлер оның жағдайы туралы айтты

0

Әртістің директоры оның жансақтау бөліміне түскенін жоққа шығарса да, БАҚ-та актрисаның әл үстінде жатқаны туралы мәлімет тарап жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек — Sputnik. Ресейлік актриса Анастасия Заворотнюктің денсаулығына қатысты БАҚ-та тың дерек пайда болды. Ресми емес мәлімет бойынша, әртіс онкологиялық дертке шалдыққан.

Дәрігерлердің хабарлауынша, қатерлі дертпен ауыратын актриса жартылай сал болып қалыпты. Денесінің оң жағы парезге ұшырап, оң қолына зақым келді, деп жазады Mash.

Заворотнюк Польша емханасынан Мәскеу ауруханасына жеткізіліп, қазір жансақтау бөлімінде.

«Нейрохирургтер ота жасау жолын қарастырып жатыр, алайда қазіргі жағдайда ол өте қауіпті», — делінген хабарламада.

Бұған дейін дәрігерлер химия және сәуле терапиясын жүргізіпті, бірақ одан еш нәтиже шықпады – Заворотнюктің дерті асқынып кетті.


©
Sputnik / Екатерина Чеснокова

Ресейлік актриса Анастасия Заворотнюк

Жақын арада консилиум ұйымдастырылып, мамандар ота жасау мәселесін талқылайды. Алайда актрисаның операциядан аман қалуы екі талай, дейді дәрігерлер.

Заворотнюк қандай дертке шалдыққан?

Бұдан бұрын ресейлік жұлдыздың жансақтау бөліміне түскені хабарланған еді. Ауыр сырқатқа шалдыққан Анастасия Заворотнюктің миында ісік пайда болған. Оған мидың қатерлі ісігі деген диагноз қойылыпты. Актрисаның сырқаты жайында бір жыл бұрын белгілі болды, соңғы кездері ол Еуропада емделіп жүрген еді.

Мәскеу емханасына Заворотнюк Польша ауруханасынан жеткізілді. Қазір жанында күйеуі Петр Чернышев бар.



sputniknews.kz