Астанада бір отбасының 4 баласы уланып қалды: дәрігерлер олардың жағдайы туралы айтты

0

Екі бала ауруханадан шықты, қалған екеуі ем алып жатыр

АСТАНА, 10 ақпан — Sputnik. Астанада иіс тиіп, ауруханаға түскен балалардың жағдайы туралы дәрігерлер айтып берді. 

Төрт баланың екеуі қазіргі уақытта ауруханадан шығарылған. 

«Қалған екі баланы дәрігерлер тағы бір күн бақылауда ұстамақ. Олар әзірге ауруханада. Барлық қажетті емді алып жатыр», — деді Sputnik Қазақстан тілшісіне Астана әкімдігі баспасөз қызметінің жетекшісі Эльвира Жүргенбаева.

Қазіргі уақытта балалардың өміріне ешқандай қауіп жоқ, деді ол. 

Сенбі кешкісін Байқоңыр ауданындағы Ойыл көшесінде екі қабатты жатақханадан өрт шыққан. Өрт сөндірушілер он адамды эвакуациялап, бір баланы құтқарған. Бестен он екі жасқа дейінгі төрт бала иіс тиіп, ауруханаға жеткізілді. 

Өрттің шығуына электр желісіндегі қысқа тұйықталу себеп болуы мүмкін. 

4 ақпанда Астанада Көктал-1 ауданындағы «времянкадан» өрт шығып, бір отбасының бес баласы қаза болды. Олар сол қаралы түні ата-анасының қарауынсыз қалған. Өрттің бастапқы себебі — қауіпсіздік ережесін сақтамау.



sputniknews.kz