Дәрігерлер Нұр-Сұлтанда комаға түскен екі жасар қыздың жағдайы туралы айтты

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Тексеріс кезінде жалпы анестезия кезінде балаға Мепивастезин препаратымен негізсіз жергілікті анестезия жасалғаны анықталды  

НҰР-СҰЛТАН, 9 қаңтар – Sputnik. Нұр-Сұлтанда тіс дәрігеріне барғаннан кейін комаға түскен екі жасар қызға «мидың өлуі» диагнозы қойылмады. Бұл туралы анестезиолог-реаниматолог дәрігер Нұрила Малтабарова баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

«Мидың өлуі» диагнозын қою жөнінде консилиум шешім қабылдаған жоқ. Бала комада қанша уақыт болатынын ешкім айта алмайды. Барлығы ағзаға байланысты. Біз консультанттар тартып, барлық қажетті ем-домды жасап жатырмыз. Егер эвтаназия жайлы айтып жатқан болсаңыз, біздің елде ондай заң жоқ. Баланың жүрек-қан тамырлары жүйесі қанша уақыт шыдаса, сонша уақыт бақылау жасаймыз», – деп жауап берді Малтабарова.

Тағы оқыңыз: Тісін емдемек болған жігіт жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты

Қыз №2 көпсалалы балалар ауруханасында жатыр, деп толықтырды ол.

Бала тіс дәрігеріне барғаннан кейін комаға түсті

Нұр-Сұлтандық екі жасар қыз тіс дәрігеріне барғаннан кейін комаға түсті. Оқиға туралы 26 желтоқсанда «Доктор Бро» клиникасына қызымен бірге барған әйел хабарлады.

Тексеріс жалпы анестезия кезінде балаға Мепивастезин препаратымен жергілікті анестезия негізсіз жасалғанын көрсетті. Оны төрт жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.

Препаратты егу мен жағдайдың шиеленісуі бір-бірімен қаншалықты байланысты екенін сот-медициналық сараптама көрсетеді.

Қазір сот органдарына жеке клиниканың қызметін тоқтату туралы талап арыз дайындалуда. Республикадағы барлық стоматологиялық клиникаға аудит жүргізу туралы мәселе пысықталуда.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жағдайды түсінетінін және оқиғаны өз бақылауында ұстайтынын айтты.  



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз