«Дәрігерлер маған екінші өмір сыйлады»: Алматы маңында құлаған Bek Air ұшағының соңғы жолаушысы ауруханадан шығарылды — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматыдағы №4 қалалық ауруханадан Bek Air-дің апатқа ұшыраған ұшағында болған соңғы жолаушы шығарылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

жолаушы

Бұл туралы қаланың қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді. 

«Барлық жарақаттары жазылды, алдағы уақытта сынған жерінің қайта қалпына келуі бақылауға алынады», — деді №4  қалалық аурухананың хирургия бөлімінің жетекшісі Рафаэль Гайсин.

Емделіп шыққан науқас — Дәулетті 27 желтоқсан күні жедел жәрдем қызметкерлері ауруханаға жеткізген. Ол 6 наурыз күні ауруханадан шығарылыпты, жағдайы қазір қанағаттандырарлық дейді дәрігерлер. Дәулет ем қабылдау орталығында 70 күн жатыпты. 

«№4 қалалық аурухананың дәрігерлері ем шараларын нәтижесіне көңілдері толып отыр. Барлығы да дер кезінде орындалып, жағымды әсерін тигізіп отыр. Дәулеттің емін қадағалаған дәрігер — Латко Константин Георгиевич», — делінген ресми хабарламада. 

Ер азамат ұзақ терапиядан өткен көрінеді. Ақ халаттылар Дәулеттің аяғының жұмысын сақтап қалу үшін қолдарынан келгеннің бәрін жасапты. Сегіз рет ота жүргізіліп, біраз күнге дейін науқас төсекке таңылған. 

Дәрігерлер оның ерік-жігері бізге қиын оталарды іске асырумызға арқау болды деп отыр. Науқастардың емделіп шығуы көбіне олардың төзімділігі мен батылдығының арқасы дейді мамандар. 

«Дәргерлерге деген алғысымды сөзбен айтып жеткізер алар емеспін. Осы уақыт аралығында оларды бауырларымдай сыйлап кеттім. Олар мені аяққа тік тұрғызып, маған өмір сүрудің екінші мүмкіндігін сыйлады. Мен хирург мамандардың қолынан мұндай дүние келеді деп ешқашан ойлаппын. Бәріне көп рахмет», — деді Дәулеттің өзі. 

Еске салайық, 27 қаңтар күні Алматы маңында орын алған ұшақ апатында жарақат алған 51жолаушының 21-і №4 қалалық ауруханаға жеткізліпті. Олардың екеуі ем орталығына жеткеннен кейін көз жұмған. Қалған 19-ы тұрақты ем қабылдап, толығымен айығып шыққан. 

Bek Air ұйымына тиесілі Fokker 100 ұшағы Алматы әуежайынан жанында 2019 жылдың 27 желтоқсан күні аптақа ұшыраған болатын. Ұшақ бортында 93 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. Аптаттың кесірінен 12 адам көз жұмды, олардың арасында ауруханадан емделіп шыққан екінші пилот та бар. 

 

 

stan.kz