Дәрігерлер: Иіс сезудің жоғалуы коронавирустың тағы бір симптомы болуы мүмкін — Қазақстан жаңалықтары

0

Иіс сезудің жоғалуы коронавирустың тағы бір симптомы болуы мүмкін екенін Британдық Оториноларингология қауымдастығы (ENT) мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл симптом аурудың басқа белгілері болмаған кезде пайда болуы мүмкін. Яғни мұндай науқастар  Covid-19 жасырын тасымалдаушысы болуы мүмкін дейді дәрігерлер.

Ұйымның мәліметінше, бұл симптом Оңтүстік Корея, Қытай және Италиядағы коронавирустық науқастарда болғанын дәлелдейтін дәйектер бар.

«Ұлыбританияда, АҚШ-та, Францияда және Италияның солтүстігінде аносмия жағдайларының кенеттен өсуі байқалды», — дейді британдық ринологтар қоғамының профессоры Клэр Хопкинс және Оториноларингология қауымдастығының профессоры Нирмал Кумар.

Өкінішке қарай, бұл симптом ауру белгілеріне жатпағандықтан, тестілеуден өтуге немесе адамды оқшаулау үшін сәйкес келмейді.

Дәрігерлер бұл симптомды қызу мен құрғақ жөтел сияқты белгілері жоқ науқастарды коронавирусқа анықтау құралы етінде қарастыруды ұсынады.

«Егер кез келген ересек адамда аносмия (иіс сезбеу) бар болса, бірақ басқа белгілері болмаса, ол жеті күнге оқшаулануы керек», — дейді олар. 

Бұған дейін коронавируспен ауырған 62 жастағы Ұлыбритания денсаулық сақтау министрінің орынбасары Надин Доррис аурудан кейін өзінің иіс пен дәм сезуін жоғалтқанын айтқан болатын.

Сонымен қатар, неміс вирусологы профессор Хендрик Штрик аносмияны коронавирустың симптомына жатқызған. Оның айтуынша, бірнеше күн бойы дәм мен иіс жоғалуы ол қабылдаған науқастың үштен екісінде байқалған.

stan.kz