«Дәрігерлер диагноз қоя алмады». Қуандық Шәкіржанов өзіне тіл-көз тигенін жасырмады
Танымал актер Қуандық Шәкіржанов «Мақсатына жеткендер» хабарына берген сұхбатында өзіне тіл-көз тигенін айтты, — деп хабарлайды Kznews.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
Оның сөзінше, кейінгі жылдары денсаулығы сыр берген.
«Бұған дейін маған тіл-көз туралы бірнеше адам айтты. Құдай сақтасын, бұл да бекер емес, тіл-көз бар деп жатады. Алланы ауыздан тастамай, дұғамызды оқып жүреміз. Кейінгі 2-3 жылда аллергия мазалап жүр, әлі күнге дейін толық жазылған жоқпын. Денем кішкене қызарып, бөртіп, көзім ауырып, дәрігерлер оған диагноз қоя алмаған кездері болды. Кім біледі, мүмкін тіл-көз тиген шығар», — деді актер.
фото: astana.tv