Дәрігерлер артық салмақтан құтылудың ең тиімді жолын атады
Қысқа сілтеме алу
18 жастан асқан адамдардың 39%-інде артық салмақ бар
НҰР-СҰЛТАН, 7 қыркүйек – Sputnik. Денедегі майдан құтылатын «сиқырлы» дәрі мен тиімді диета әлі табылған жоқ. Мұндай ойымен Испанияның семіздік және метаболикалық ауытқулар хирургиясы (SECO) қоғамының негізін қалаушы Жоан Пужоль Рафолс бөлісті, деп хабарлайды РИА Новости.
Адамдардың артық салмақ жинауының ортақ себебі жоқ. Бірақ ол майдың, негізінен, көп қимылдамау, спортпен шұғылданбау және дұрыс тамақтанбау кесірінен жиналатынын айтады. Генетикалық бейімділігі де әсер етеді.
«Кейбір адамдар өзгелерге қарағанда, артық салмақ жинауға бейім болады. Мәселен, азиялықтармен салыстырғанда еуропалықтардың салмағы көп», — дейді маман.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сәйкес, 2016 жылы семіздікке шалдыққан адамдардың саны үш есеге артқан. 18 жастан кейінгілердің 39%-інде артық салмақ бар. Ал олардың 13%-іне семіздік деген диагноз қойылып отыр.
«Семіздіктің асқынған түрі адам денсаулығы үшін аса қауіпті. Өйткені қан қысымы жоғарылап, ағзадағы қант деңгейі артады. Инфаркт пен рактың кейбір түріне әкеліп соғуы мүмкін. Мұндай адамдар басқаларға қарағанда аз өмір сүреді әрі өмір сүру сапасы нашарлайды», — деді Пужоль.
sputniknews.kz