Дәрігер қателесіп қаралуға келген ер адамды сүндетке отырғызып тастады — Қазақстан жаңалықтары
Британияда 2018 жылы хирург қателесіп ер адамды сүндетке отырғызып жіберді. Ол ер адамды басқа науқаспен шатастырған.
Ер адам дәрігерге зәр шығару жұмысын тексерту үшін барады. Оны басқа науқаспен шатастырған хирург сүндетке отырғызып жіберген.
Аурухана басшылығы бұл жайлы пікір беруден бас тартты. Ұлттық денсаулық сақтау басқармасы да бұл жайлы білмеді. Тек медициналық мекемелерді тексерген комиссияның есеп беруі кезінде айтылды.
Болмауы тиіс мұндай қателіктер дәрігерлер тарапынан да болып тұрады.
Құжаттар дәрігерлердің өзге де қателіктері айтылды. Онда бір дәрігердің бүлдіршіннің мұрын қуысында тампон ұмытып кеткені, тегі бір науқасқа өзгенің отасы жасалғаны, енді бірінің екінші жақ жамбасына қателесіп имплант салынғаны айтылды.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
stan.kz