Дәрігер карантин кезінде адам ағзасына ең зиян сусын түрлерін атады

0

Мамандар өздігінен оқшаулану кезінде денсаулықты сақтап, иммунитетті күшейтетін сусын түрлерін атады

НҰР-СҰЛТАН, 16 сәуір – Sputnik. Коронавирустық инфекция кезеңінде денсаулықты сақтау үшін мамандар тамақтану мен сусын ішуге аса мұқият қарауға кеңес береді, деп хабарлайды «Звезда» телеарнасының сайты.

Ресей ұлттық нутрициология (тамақтану туралы ғылым) мен диетологтар қауымдастығының мүшесі, PRO & FIT компаниясының жетекшісі, дәрігер-диетолог Марина Макиша карантин кезінде ас-су ішудің пайдасы мен зиянды тұстарына қатысты өз ойымен бөлісті.

«Алдымен карантин кезінде қолдануға ұсынылмайтын сусындар туралы айтатын болсақ, бұл құрамында қанты бар барлық сұйықтықтар. Соның ішінде түрлі газды сусындар мен пакетті орамадағы жеміс шырындары, тіпті квас та болмайды. Өйткені оның да құрамында қант бар», – дейді дәрігер.

Маман иммунитет өте маңызды сәтте қант пен сусындар адамның иммундық жүйесіне көп зиянын тигізетінін, сондай-ақ оларды коронавирус жұқтыру қаупі жоғары кезде қолдануға мүлдем болмайтынын айтады.

«Қант күрделі қабынуды тудыратын және иммундық жүйеге ауыртпалық түсіретін өнім», – деп түсіндірді ол.

Сарапшы пікірінше, иммунитет үшін ең зиянды сусындар құрамында орта есеппен 100 миллилитр тәтті сұйықтықта 12-15 грамм қант бар.

Оқи отырыңыз: Тәтті және газдалған сусын қандай ауруға шалдықтырады – дәрігер жауабы

Карантин кезінде күніне жарты литр қарапайым су ішу жеткілікті.

Сонымен қатар, дәрігер-диетолог қазіргі кезде шай мен кофе ішуге кеңес береді. Өйткені бұл сусындар ағзаға ынталандырушы әсер етеді. Осы тұста нақтылай кететін бір нәрсе – бұл сусындарды әлсіз және қалыпты мөлшерде тұтыну маңызды, әйтпесе олар ағзаға жағымсыз әсер етуі мүмкін.

Сондай-ақ, байытылған сусындар өзін-өзі оқшаулау режимінде өте пайдалы.

«Яғни табиғи, қантсыз, жаңа піскен немесе мұздатылған жидектерден әзірленген сусындарды пайдаланудың маңызы зор. Оны өсімдік шөптерінен де жасауға болады», – деді Макиша.

Иммундық жүйеге жақсы әсер ететін және денені сергітетін мұндай сусынға лимон, апельсин немесе басқа да жеміс шырынын араластырып қолдану артық етпейді.



sputniknews.kz