Дәрігер COVID-19 ағзаны қалай «алдайтынын» айтты
Жаңа вирус ағзаны «алдайды» деп те айтуға болады.Бұл індет тыныс алу жолдарына қатты зақым келтіреді
НҰР-СҰЛТАН, 24 наурыз — Sputnik. Коронавирустың жасушаға енуінің ерекше тәсілі бар, деп хабарлайды RT дәрігер-инфекционист, медицина ғылымдарының кандидаты, Ресейдің COVID-19 бойынша жағдайды бақылау жөніндегі жедел штабының мүшесі Тимур Бессарабаға сілтеме жасап.
Оның айтуынша, коронавирус ағзаға жасуша мембранасы арқылы өтеді. Ол жасуша қызметі үшін маңызды молекулаларды өзінің ақуызымен алмастырып, ағзаны «алдайды» деуге болады. Бұл вирусты анықтауды қиындатады. Салдарынан вирус ағзаны зақымдайды.
COVID-19 әсіресе, тыныс алу жолдарына зақым тигізеді.
Еске сала кетсек, Қазақстанда коронавирусқа шалдығудың алғашқы екі жағдайы 13 наурызда тіркелді. Соңғы мәліметке сәйкес, елде 66 адамда вирус анықталды.
sputniknews.kz