дәрігер бұл азықтың адамды өлтіретінін айтты

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Маманның айтуынша, бүкіл адамға зиян тек бір ғана азық-түлік бар. Бірақ қазір бұл туралы көп айтылмайды

НҰР-СҰЛТАН, 25 қазан — Sputnik. Ресейлік дәрігер-диетолог, медициналық ғылымдар докторы, профессор Алексей Ковальков адам денсаулығы үшін аса қауіпті азық-түлікті атады.

Дәрігер испан ғалымдары жасаған денсаулыққа қауіпті азық-түліктер тізіміне қатысты өз пікірін білдірді, деп жазады vm.ru.

Шетелдік мамандар ішетін тағамыңыздан тазартылған ұн, шұжық өнімдері, майсыздандырылған сүт өнімдері және жартылай дайын өнімдерді алып тастауға кеңес береді.

Тағы оқыңыз: Сүтті шайдың ешкім күтпеген зияны анықталды

Алексей Ковальковтың пайымынша, қатып қалған тізім жоқ. Мәселен, шұжықты үйде консервантсыз және дәмді күшейткіштерді қоспай әзірлеуге болады, сонда оның ағзаға зияны болмайды. Сүт өнімдерінің де сапаты әртүрлі болады: ірімшік пальма майынан болмаса табиғи сүттен дайындалуы мүмкін.

Дәрігердің айтуынша, бүкіл адамға зиян тек бір ғана азық-түлік бар.

«Адамдарды өлтіретін бір азық бар, ол – қант. Қазір адамдар қантты өте көп жейді. Бірақ бұл туралы ешкім айтпайды, өйткені бұл алып индустрия», — деді ол.

Алексей Ковальков соңғы уақытта қант диабетіне шалдығу жиілеп кеткенін атап өтті. Көп адам артық салмақ проблемасымен арпалысып жүр, бауыры ауыратындар да аз емес.



sputniknews.kz