«Дариға жүрек» әні Дариға Назарбаеваға арналған ба
Танымал әнші Медеу Арынбаев халыққа танытқан «Дариға жүрек» әні әйеліне емес, Назарбаевтың қызына арналғанын ақыры мойындады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Осыдан жиырма жыл бұрын «Хабар» арнасынан Серік Абас-шах телефон соғып, «Медеу, бір ән бар, осыны тыңда, зер сал, орындау керек» деді. Тыңдасам, сөзі әп-әдемі сияқты. Орындаушы жай ғана қарапайым дауысқа салып орындапты. Сол кезде біреу «бұл ән хит болады» десе, күліп қарар ма едік?! Әнді жүрегімізге салдық.
Ол кезде ештеңе білген жоқпын. Қазағымыздың Дариға деген қыздары көп қой. Классикалық бағыттағы ән. Сөйтсек, солай екен… Саясат деген сонда жатыр екен. «Жарайды, ұжым болып, сый-сияпат жасағаны шығар деп» ойладым. Солай екен. Ел өзіме түсіндіріп жатыр. Бейнебаянды түсіруші ұжымның Дариға Нұрсұлтанқызына арнауы болып тұр. Ашылатын әңгіме. Мұны қашанғы құпия сақтайсың?!», – деді әнші «Динамен дұрыс» бағдарламасында.