Дариға Назарбаеваның ұлына қатысты тың дерек айтылды

0

Мәжілістің экс-депутаты Дариға Назарбаеваның ұлы Нұрәлі Әлиевтің бақылауындағы «Нұрбанк» АҚ 2020 жылғы активтердің сапасын (AQR) бағалағаннан кейін мемлекеттен 47 млрд теңге көмек алған.

«Бағдарламаның жаңа қатысушысы Нұрбанк АҚ болды, ол «Қазақстанның тұрақтылық Қорының» жылдық 4% сыйақы мөлшерлемесі бойынша және айналым мерзімі 15 жыл банктің реттелген облигацияларын сатып алу арқылы Т47 млрд көлемінде қолдау алды» деді Әлихан Смайылов депутат сауалына берген жауабында.