Дариға Назарбаеваның Мәскеудегі қымбат пәтерінің құжаты жарияланды

1

«The Insider» басылымы Мәскеуден ҚР парламенттің экс-спикері және Қазақстан тұңғыш президентінің қызы Дариға Назарбаеваның элиталық пәтері табылғанын жазды. Пәтердің құны 230 млн ресей рубл (1 млрд 300 млн тг немесе 3,3 млн АҚШ доллары).

Пәтер 2006 жылы сатып алынған және 2012 жылы «Файерс Трейдер ЛТД» компаниясына қайта тіркеуден өткен. 2015 жылы қайта өз атына алған.

Сурет: The Insider

Сурет: The Insider

Назарбаева ешқашан ресми түрде сауда-саттықпен айналыспаған, 2004 жылға дейін басшылық лауазымдарды атқарған және 2004 жылдан кейін мемлекеттік лауазымдарда болған. Алайда, ол ірі телевизиялық компаниялардың бақылау пакетіне иелік етеді. 2013 жылы Forbes Дариғаның байлығын жарты миллиард долларға бағалады.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Azattyq радиосының сайтында «Дариға Назарбаева мен ұлының «төбесі көкке жетті». Олар Лондондағы мүліктерін сақтап қалды» атты жазба жарияланды.

Дереккөз: https://theins.ru/korrupciya/226752