Дариға Назарбаева жаңа жылды қайда атап өтетінін айтты — новости Казахстана

0

Парламент сенатының депутаты Дариға Назарбаева жаңа жыл мерекесін қайда атап өтетіндігін айтты деп хабарлайды Tengrinews.kz–ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

фото: NUR.KZ

фото: NUR.KZ

Депутаттың сөзінше, жаңа жыл – толық құрамда отбасының басын қосатын жылдың айтулы күні.

«Жаңа жылды әрқашан отбасымның қасында, әкем мен шешемнің жанында қарсы аламын.

Сол күні жанұямыздың барлық мүшелері, балаларымыз, немерелеріміз, шөберелеріміз жиналады.

Жаңа жылды Алматы қаласында ата-анамыздың үйінде қарсы аламыз. Біз сол күнді тағатсыздана күтеміз», — деді Дариға Назарбаева.