Дариға Назарбаева ұстаздарды мерекесімен құттықтады

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Назарбаева балалардың бойына жақсы дағдымен қатар білімге деген құштарлықты, өз-өзіне сенімділікті, іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарау қасиетін сіңіру маңызды екенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 5 қазан – Sputnik. Сенат төрағасы Дариға Назарбаева қазақстандық ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды жоғары палатаның баспасөз қызметі.

«Бұл әрқайсымызға өте жақын, мейірім мен ізгілік шуағы төгілетін мереке. Өйткені ұстаз – бұл жай ғана мамандық иесі емес, адам жан-жүрегімен таңдаған аса жауапты, өте қадірлі қызмет. Мұғалімнің мақсаты – білімді әрі зердесі ояу, қазіргі заманға лайық саналы ұрпақ тәрбиелеу», — делінген хабарламада.  

Құттықтауда балалардың бойына жақсы дағдымен қатар білімге деген құштарлық пен өз-өзіне сенімділікті, іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарау қасиетін сіңіру бүгінгі күнде маңызды болып отырғаны айтылды.

Тағы оқыңыз: Білім министрі қай мұғалімді үлгі тұтатынын айтып берді

«Біз қазақстандық ұстаздарды шын жүректен мақтан тұтамыз. Бүгінгі мереке – бұл барлық оқушыға, қазір оқып жатқан оқушыларға да, мектеп түлектеріне де өз ұстаздарына ризашылығын жеткізудің тамаша мүмкіндігі. Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке және жаңа табыстар тілеймін! Оқушылар өз жеңістерімен және жетістіктерімен қуантсын!», — деді ол.

Қазақстанда ұстаздар күні қазан айының алғашқы жексенбісіне белгіленген.

Мереке қарсаңында білім және ғылым минисрлігі «Үздік ұстаз – 2019» байқауын қорытындылады. Конкурсқа республика бойынша 4 мыңға жуық педагог қатысқан. Ал финалға 178 педагог шықты. Сөйтіп, 64 адам үздік ұстаз атанды.



sputniknews.kz