Дариға Назарбаева: Сайлауды Қазақстан заңына сай өткізу – абыройлы міндетіміз – Қазақстан жаңалықтары

0
66

Сайлауды Қазақстан заңына сай өткізу – абыройлы міндетіміз. Бүгін сенат отырысында кезектен тыс президент сайлауына қатысты пікір білдірген сенат спикері Дариға Назарбаева осылай деді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

Дариға Назарбаева: Сайлауды Қазақстан заңына сай өткізу - абыройлы міндетіміз

9 сәуірде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде кезектен тыс президент сайлауы өтетіні туралы қаулыға қол қойды. Сайлау 2019 жылдың 9 маусымында өтпек.

«Бұл шешімнің дұрыстығына және дер кезінде қабылданғанына сенімдімін. Президенттің қаулысы біздің қоғамның көптеген сұрағына жауап береді», – дейді Дариға Назарбаева.

Сенат спикерінің сөзінше, қазақстандықтар бәрінен бұрын тыныштық, бейбітшілік пен экономикалық тұрақтылықты бағалайды.

«Сайлауды Қазақстан заңына сай өткізу – абыройлы міндетіміз. Сондықтан сайлауалды кезең – әрқайсымыз үшін үлкен әрі жауапты жұмыстың уақыты», – дейді сенат төрағасы.

stan.kz