Дариға Назарбаева: Сайлауды Қазақстан заңына сай өткізу — абыройлы міндетіміз — Қазақстан жаңалықтары
Сайлауды Қазақстан заңына сай өткізу — абыройлы міндетіміз. Бүгін сенат отырысында кезектен тыс президент сайлауына қатысты пікір білдірген сенат спикері Дариға Назарбаева осылай деді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.
9 сәуірде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде кезектен тыс президент сайлауы өтетіні туралы қаулыға қол қойды. Сайлау 2019 жылдың 9 маусымында өтпек.
«Бұл шешімнің дұрыстығына және дер кезінде қабылданғанына сенімдімін. Президенттің қаулысы біздің қоғамның көптеген сұрағына жауап береді», — дейді Дариға Назарбаева.
Сенат спикерінің сөзінше, қазақстандықтар бәрінен бұрын тыныштық, бейбітшілік пен экономикалық тұрақтылықты бағалайды.
«Сайлауды Қазақстан заңына сай өткізу — абыройлы міндетіміз. Сондықтан сайлауалды кезең – әрқайсымыз үшін үлкен әрі жауапты жұмыстың уақыты», — дейді сенат төрағасы.
stan.kz