Дариға Назарбаева қаңтар айының соңына дейін ақысыз демалыста болады

0
114

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дариға Назарбаева қаңтар айының соңына дейін демалыста болады, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

Дариға Назарбаева коронавирус инфекциясын жұқтырған соң оңалтуына байланысты қаңтар айының соңына дейін жалақысы сақталмайтын демалыста болады. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы мәлімдеді.

12 қаңтарда БАҚ Парламент Мәжілісінің депутаты Дариға Назарбаеваның коронавирус жұқтырғанын және үйде болғанын жазған болатын.