Дариға Назарбаева Канндағы бір кешке 50 млн теңгеден астам ақша төлеп қатысқан
Желіде Дариға Назарбаеваның Монако ханшайымы Грейс Келлидің құрметіне сәнді қайырымдылық аукционында демалып жатқан видеосы тарады.
Кадрларда Тұңғыш президенттің қызы ның, Нұрәлі Әлиевтің, оның жұбайының және олардың үш баласының сүйемелдеуімен Канндағы қымбат іс-шараға қатысқанын көруге болады. 2 адамға билет құны 33 мың еуроны құрады, бүл 17 млн теңге. Осылайша, қайырымдылық кешіне кіру құны 51 млн теңгеге жуық қаржыны құраған.
Гала-кешті Голливуд актрисасы Шарон Стоун ұйымдастырды. Қонақтарды американдық әнші-композитор Робин Тик көңіл көтерді. Сондай-ақ, кадрларда Йорк герцогинясын, ханзада Эндрюдің бұрынғы әйелі Сара Фергюсонды көруге болады.
Қайырымдылық шара Француз Ривьерасының ең қымбат сарайында өтті. Аукционда ең қымбат лоттар ойнатылды.
фото: ашықдереккөз