Дариға Назарбаева атышулы отставкадан кейін алғаш рет көпшілік алдына шықты – Қазақстан жаңалықтары

0
0

Сенаттың бұрынғы төрағасы Дариға Назарбаева қызметінен кеткеннен кейін алғаш рет көпшілік алдына шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Дариға Назарбаева

Дариға Назарбаева «Қазақстан жастарының конгрессі» жастар қауымдастығының мүшелерімен жиналыс өткізді.

Айта кетейік, Дариға Назарбаева – аталған қоғамдастықтың төрайымы. 

4 сағатқа созылған жиналыста сенаттың экс-спикеріне «Қазақстан жастарының конгрессі» тарапынан жүзеге асырылған және 2020 жылға жоспарланған түрлі жобалар таныстырылды. Атап айтқанда, «Жасыл ел» бағдарламасын одан әрі дамытуға арналған, әлеуметтік «Kasipker ana», «Stud лига» республикалық студенттер қозғалысы, «Qaz Woman» Қазақстанның бастамашыл әйелдер қауымдастығы ұсынған және т.б жобалар қатысушылар таныстырылды.

Еске салайық, мамыр айының басында Дариға Назарбаеваның өкілеті тоқтатылған болатын. Одан кейін Мәулен Әшімбаев сенат төрағасы болып тағайындалды

 

 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз