Дариға Назарбаева Арменияға барды

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Сенат төрағасы бастаған қазақстандық делегация Ереванда бірқатар кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Қазақстан мен Арменияның екіжақты әріптестігі мен парламентаралық байланысты дамыту мәселесі талқыланады

НҰР-СҰЛТАН, 14 қараша — Sputnik. Сенат спикері Дариға Назарбаева ресми сапармен Арменияға барды.

Қазақстандық делегацияны Армения ұлттық жиналысының төрағасы Арарат Мирзоян шақырған болатын.

«Дариға Назарбаева ресми сапар барысында Армения ұлттық жиналысының төрағасы Арарат Мирзоянмен, Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен және Армения президенті Армен Саркисянмен кездеседі деп жоспарланып отыр», – деп хабарлады сенат.

Сондай-ақ, Қазақстан мен Арменияның екіжақты әріптестігі, парламентаралық байланысты дамыту мәселесі талқыланады

Тағы оқыңыз: Дариға Назарбаева Елбасыдан бұрын сөйлеп, қайдан қауіп төніп тұрғанын айтты

Еске сала кетсек, Дариға Назарбаева 22 қазан күні ресми сапармен Ресейге барған болатын. Мәскеуде сенат спикері Ресейдің премьер-министрі Дмитрий Медведев, Федерация жиналасының спикері  Валентина Матвиенко және патриарх Кириллмен кездесу өткізді.



sputniknews.kz