Дариға Назарбаева Алматыдағы КТК арнасына барды – БАҚ

0

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы, мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева Алматыда болды.

Бұл туралы ҚазТАГ басылымы хабарлады, деп жазады kznews.kz сайты.

«18 ақпанда Назарбаева Алматыдағы АСК-2 ғимаратында КТК телеарнасына барды. Ақ тон киіп, бас директор Эльвира Жәмилованың кабинетіне кіріп, бір сағаттан астам уақыт өткізді. Егер ол қалаған күнде, АСК-2 ғимараты құрылымы Назарбаеваның назардан тыс қалуына мүмкіндік берер еді» деді дереккөз.

КТК телеарнасы бұл ақпарат жоққа шығарып, бас директордың қабылдауында оның болғаны жалған деді.

Айта кетейік, Назарбаева қаңтар оқиғасы басталғаннан бері мәжіліс отырысына келмеген. Оның көмекшісінің айтуынша, ол сол аралықта коронавирусты оңалту процедурасынан өткен.

Алайда ҚазТАГ агенттігінің Мәжілістегі дереккөзінің хабарлауынша, Назарбаева осы уақыт бойы Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында болған.