Дариға Бадықова Жұлдыз Өмірғалиге дөрекілік көрсетті (видео)

0
Дариға Бадықова көпшілік алдында Жұлдыз Өмірғалиге ұрысып тастады. Желі қолданушылары актрисаның бұл әрекетін сынай бастады. Енді бірі арзан хайп деп бағалады. 

Жұлдыз Өмірғалидің Дариға Бадықованы видеоға түсірем деп басы дауға қалды. Бадықова өзінің рұқсатынсыз видеоға түсірген әншіге жекіп тастады. Бұл сәт желіге тез тарады.

“Түсірмеші мені”, – деді Бадықова.

Оған Жұлдыз Өмірғали еш жауап қатқан жоқ.

Желі қолданушылары әртүрлі пікір жазып, ойын ортаға салды.

“Жұлдыз ауруымен ауырып қалыпты ғой Дариға”, “Осы әйелдің әрбір ісі хит болатын болды ғой”, “Дариға апай күшті кісі, мықты актриса”, “Сценаға шықпай жатып образға кіріп жатқан шығар апамыз”, “Дұрыс, рұқсатсыз жырбыңдап неге түсіреді”, “Әзіл ретінде түсірген ғой, кім сеніп тұр”, “Мұндаймен ешкімді сендіре алмайды”, – деп жазды желідегілер.