Дариға Бадықова: «Қыздар, 30-дан кейін ие бола алмай қаласыңдар»

0
5002

Танымал актриса қыздар қауымына бет күтімі жайлы ақыл-кеңесін айтты. Оның ойынша, бұны уақытында бастаған аса маңызды. Себебі 30 жастан асқаннан кейін тым кеш болады екен, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Бұл туралы Дариға Instagram-дағы парақшасында жазды.

30 жастан кейін кеш болады. Қыздар, боянбасаң боянба, бірақ бетіңе күтім жасауды ұмытпау керек. Әйтпесе, әжім деген ескертпей келеді. 30-дан кейін әжімдеріңе ие бола алмай қаласыңдар. Сондықтан бетке жақпа майлар жағып жүрейік,

— дейді актриса.

Желі қолданушылары Бадықованың айтқанымен келісіп оған қолдау білдіріп жатыр.

Өте дұрыс айтылған. Ащы болса да шындық. Қыздар уақытында күтінбесек, кейін кеш болады,

— деп жазды желі қолданушыларының бірі.

Соңғы уақытта Дариға сұлулық, әдет-ғұрып, ене мен келін, қазақ қыздарының тәрбиесі жайлы өз ойын ашық айтып жүр. Актриса алғаш рет жолдасын көрсеткенін бұған дейін жазған болатынбыз. Ол күйеуімен бірге отандық телехикаяда басты рөлді сомдаған еді.