Дариға Бадықова: «Қыздар, 30-дан кейін ие бола алмай қаласыңдар»
Танымал актриса қыздар қауымына бет күтімі жайлы ақыл-кеңесін айтты. Оның ойынша, бұны уақытында бастаған аса маңызды. Себебі 30 жастан асқаннан кейін тым кеш болады екен, деп хабарлайды Express Qazaqstan.
Бұл туралы Дариға Instagram-дағы парақшасында жазды.
30 жастан кейін кеш болады. Қыздар, боянбасаң боянба, бірақ бетіңе күтім жасауды ұмытпау керек. Әйтпесе, әжім деген ескертпей келеді. 30-дан кейін әжімдеріңе ие бола алмай қаласыңдар. Сондықтан бетке жақпа майлар жағып жүрейік,
Желі қолданушылары Бадықованың айтқанымен келісіп оған қолдау білдіріп жатыр.
Өте дұрыс айтылған. Ащы болса да шындық. Қыздар уақытында күтінбесек, кейін кеш болады,
Соңғы уақытта Дариға сұлулық, әдет-ғұрып, ене мен келін, қазақ қыздарының тәрбиесі жайлы өз ойын ашық айтып жүр. Актриса алғаш рет жолдасын көрсеткенін бұған дейін жазған болатынбыз. Ол күйеуімен бірге отандық телехикаяда басты рөлді сомдаған еді.