Дариға Бадықова келіндер сайысын қашан өткізетінін айтты

0

Отандық танымал актриса Дариға Бадықова алдағы уақытта келіндер сайысын ұйымдастырғысы келетінін айтқан болатын. Енді өнер иесі бұл ойын іске асыруға дайын екенін жеткізді. Ол аталмыш байқаудың қашан өтетінін және оған кімдер қатыса алатынын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дариға Бадықова бұл ақпаратты Instagram парақшасында бөлісті. Актриса аталмыш сайысқа келін болып түскеніне 1-3 жыл болған келіншектер қатысатынын айтты. Киножұлдыз бұл байқаудың арқасында келіндер салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптарды жақсы менгеріп кетсе деген тілек білдірді. «Келіндер бәйгесін қашан өткізесіз деп сұрап жатқандар баршылық. Жас келіндердің салт-дәстүрді дәріптегісі келгендігі қуантады. Келіндер сайысын республикалық деңгейде өткізгім келіп отыр. Қазақстанның әр облысынан келіндерді қатыстыру ойда бар. Бәйгені өткіземін деген ішімдегі алып-ұшқан қалауым сейілер емес. Қазіргі таңда Тараз қаласымен келіссөз жүргізуге кірісіп жатырмын. ⠀⠀ «Мен қатысамын, мен қатысамын» деп жан-жақтан жазып жатқан келіндер өте көп. Қашан болады? деген хаттар да көп. Менің ойымша, наурыз айы деп жоспарлап отырмыз.⠀ Қатысамын деген келіндер болса қазірден бастап дайындала беріңіздер. Уақыт зымырауда. Бәйгеге түскеніне 1 жыл және 3 жыл болған келіндер қатыса алады. Неге жас келіндер деген сұрақ болуы мүмкін, себебі — тым әккі келіндер керек емес. Салт-дәстүрді жас келіндер көп біле бермейді. Үйрену үшін жас келіндердің қатысқаны дұрыс», — деп жазды актриса. Айта кетейік, бұған дейін Дариға Бадықова келіндер сайысын өткізгісі келетінін хабарлаған болатын.