Home Жаңалықтар Дәрі ішіп арықтамақ болған 18 жастағы бойжеткен көз жұмды

Дәрі ішіп арықтамақ болған 18 жастағы бойжеткен көз жұмды

0
103
Дәрі ішіп арықтамақ болған 18 жастағы бойжеткен көз жұмды


Іш жүргізетін және несеп айдайтын дәрі ішкен Дарья Круглованың жүрегі тоқтап қалған

Мәскеу маңында орналасқан Истра қаласында 18 жастағы бойжеткен несеп айдайтын және іш жүргізетін дәрілерді мөлшерден тыс ішемін деп көз жұмды. Бұл туралы Mash телеграм каналы хабарлады.

Бастапқыда бойжеткен артық салмақтан спортпен шұғылданып, дұрыс тамақтанып, салауатты өмір салтын сақтау арқылы арыламын деп ойлаған. Алайда белгісіз себептермен ол несеп айдайтын және іш жүргізетін дәрілерді мөлшерден тыс іше бастайды. Ақырында 18 жастағы Дарья Круглованың жүрегі тоқтап қалады.

Дереккөз: Sputnik