ДӘРІ-ДӘРМЕК ДЕР КЕЗІНДЕ ЖЕТКІЗІЛЕДІ | «Айқын» газеті

0
88

Азаматтардың денсаулығына қамқорлық жасау – кез келген мемлекеттің негізгі функцияларының бірі. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауында Елбасы «Медициналық қызмет сапасы халықтың әлеуметтік көңіл күйінің аса маңызды компоненті болып саналады» деп атап өтті. Бұған, әрине, қазақстандықтарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету де жатады.

Қазақстанның дәрі-дәрмек саясаты, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және әлемде кеңі­нен қолданылатын заманауи тәжіри­белері мен ұсыныстарына негізделген. Тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік бюджетке салмақ салмай тұрғын­дар­ды қамту аясын ұлғайтуға мүм­кіндік беретін шаралар қолданы­луда. – Бұл дәрі-дәрмекпен қамта­ма­сыз етуді орталықтандыру, дәрі-дәрмектерге шығындарды оңтай­лан­дыру және бағаны реттеуді енгізу. ДСҰ сараптамаларына сәйкес, пациенттерді қанағаттан­ды­руға қол жеткізудің маңызды факторы – процестердің ашықтығы және дәрілік заттар айналымы мәселелеріне қатысты шешімдер қабылдау кезінде жұртшылықты қатыстыру.
Қазір әлемде белгіленген фармацевтикалық тәжірибеге тұтастай көшуге, инновациялар және технологиялар трансфертінің дамуына байланысты дженериктер мен биосимилярларды қолдану кеңінен таралып жатыр. Кейбір елдерде генерикалық алмастыруға көшу міндетті болып табылады. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесіне олардың ішіндегі неғұр­лым экономикалық тиімділерін ғана енгізу үшін мониторинг және жүйелік талдау, инновациялар және заманауи зерттеулер жүргізілуі тиіс. Әлемдік озық тәжірибелер Қазақ­станның дәрі-дәрмекпен қамта­масыз ету жүйесінде кеңінен қолда­нылады. Емделуге мұқтаж қазақ­стан­дық­тарды тегін медици­налық көмектің кепілді көлемімен барынша қамту үшін елімізде үлкен жұмыстар жүргізіліп жатыр. Пациенттерді тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге бөлінетін жоспар­лы қаржыландыру ауқымы артып келеді. Сонымен қатар амбула­то­рия­лық дәрі-дәрмекпен қамтама­сыз етуді қаржыландыру да жоспар­лы түрде артып келеді. Мысалы, 2008 жылы осы бап бойынша 19,8 млрд теңге бөлінсе, 2010 жылы бұл сома 27,5 млрд теңгеге өсті, 2012 жылы ол 48,1 млрд теңгені құрады, 2014 жылы – 64,3 млрд теңге, 2016 жылы – 92,2 млрд теңге, 2017 жылы – 101,6 млрд теңге, ал 2018 жылы 101,9 млрд теңге болды.
2018 жылдан бастап амбулато­рия­лық дәрі-дәрмекпен қамта­масыз ету жүйесіне бірыңғай дистрибуциялық орталықтандыры­лу жүргізілді. Ең алдымен, сатып алуды орталықтандыру, барлық өңірлердегі дәрі-дәрмекке қажетті­лік көлемін шоғырландыру есебі­нен бюджет қаражатын үнемдеуді қамтамасыз етті. Медициналық дәрі-дәрмектерді бірыңғай дистрибуция жүйесі арқылы сатып алудағы жалпы үнем шамамен 26 млрд теңгені үнемдеуге мүмкіндік берді. Оның ішінде 23 млрд теңге дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді орталықтандыру нәтижесінде анықталған дәрі-дәрмек тапшы­лығын жабу үшін қосымша сатып алуға жіберілді.
Айта кетейік, орталықтан­ды­рыл­­ған амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге көшу біршама күрделі болды. Мұнда барлық қажетті НҚА келісімдерінен ұзақ өту және реформаларды қабылдамау салдарынан сатып алуды жүргізу кешіктірілді. Бірақ тәжірибе көрсеткендей, орталық­тандыру бюджеттік қаражатты үнемдеу сияқты елеулі нәтижелерді ғана емес, сондай-ақ бірқатар проблемаларды анықтады. Дәрілік заттарды жергілікті жерлерге жеткізу барысындағы үзілістердің себептерін сараптаған кезде барлық препараттар сатып алынып, меди­циналық ұйымдарға жоспарлы жеткізілгеннен кейін жергілікті жерлерде дәрі-дәрмектерді тарату­ды жоспарлауға қатысты пробле­ма­лар анықталды.
2018 жылы амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шеңберінде Бірыңғай дистрибью­тор жеткізген медициналық бұйымдар мен дәрілік заттардың тұтыну деңгейіне жүргізілген талдауға сәйкес, 2018 жылдың басынан бері медициналық және дәріханалық ұйымдардың қойма­ларында қалатын (жеткізілген дәрілердің 25%-дан астамы) дәрі-дәрмектердің шоғырлануы байқа­лады. Мысалы, бүгінгі күні 95,7 млрд теңге сомасына жөнелтіл­ген тауарға 87,2 млрд теңге сомасын­дағы рецепт берілген, оның ішінде қамтамасыз етілген рецепт сомасы 81,1 млрд теңгені құрады. Қалдық ДЗ мен ММБ 6,6 млрд теңгені құрайды.
Жыл басында Денсаулық сақтау министрлігі амбулаториялық науқас­тарды кепілдік дәрі-дәрмек­пен қамтамасыз етуге сырттан тексеру туралы бастама көтерді. Тексеру нәтижесі дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің ақпараттық жүйесінде дәрі-дәрмек алушылар ретінде белгіленген барлық емделушілердің шын мәнінде қамтамасыз етілгенін көрсетті. Тексеру 51 медициналық ұйымға жүргізілді, 9 059 пациентке телефон шалу жүзеге асырылды. 7 707 пациентпен хабарласып, олардың ішінен 7 310 адам дәрі-дәрмектерді алатынын, 117 пациент белгіленген жүйедегі препараттарды жартылай алатынын растады, ал 163 адам дәрілерді алмағанын айтқан. Болашақта осындай жағдайларды болдырмау үшін Денсаулық сақтау министрлігі, ӘМСҚ, «СК-Фарма­ция» республикалық элек­трон­дық денсаулық сақтау орталығының бірлескен жобасы шеңберінде, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету ақпараттық жүйесінде биылғы жылдың қараша-желтоқсан айларында тегін дәрі-дәрмек алушылар ретінде көрсетілген пациенттерге SMS хабарлама тарату жобасы іске асырылды. Жалпы хабарлама тарату деректер базасына кірген 3 млн телефон нөмірлерін қамтиды. Хабарламада рецепт нөмірі және дәріні беретін күн туралы ақпарат болады. Егер пациент бұл дәрі-дәрмектерді алмаған болса, оған SMS хабарлама жауап ретінде «0» жіберуге немесе «СК-Фармация» байланыс орталы­ғына 1439 нөмірі бойынша қоңырау шалуға болады. Қоңырау шалу және SMS тегін. Әрбір қоңырау бойынша ақпарат пен SMS талданады, содан кейін қорытынды ақпарат тиісті шешімдер қабылдау үшін Денсаулық сақтау министрлі­гіне жіберіледі.
Жалпы, «СК-Фармация» өз қызметінде халықпен бірлесіп жұмыс істеуге үлкен мән береді. Себебі бірыңғай дистрибьютор жұмысының көрсеткіші – бірінші кезекте халықтың тегін дәрілік қамтамасыз етілуін қанағаттандыру. Қазір компанияда халықты тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша жұмыс істей­тін 1439 байланыс орталығы іске қосылды. Қазақстанның барлық пациентіне 1439 нөмірі бойынша кез келген қалалық телефоннан тегін қоңырау шалуына болады. Байланыс орталығының оператор­лары тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде диспансерлік және амбулаториялық емделу бойынша есепте тұратын пациенттер үшін тегін таратылатын қажетті дәрі-дәрмектерді жеткізу­дің жоспарланған күндері көлемі және мерзімі туралы ақпарат ұсына­ды. Түскен қоңырауларды талдау дәрі-дәрмектердің уақытылы жеткізілмеуінің себептерін анық­тауға және мұндай жағдайларға алдағы уақытта жол бермеу үшін тиісті шараларды қабылдауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар қазіргі уақытта медициналық ұйымдарда қанша дәрі-дәрмектер қалғанын анық­тайтын интерактивті электронды жоба іске қосылуға дайын. Анық­тама интерактивті карта форматын­да жұмыс істейді. Онда пациенттер медициналық ұйымдардың дәрілік заттарға өтінімдері бойынша: өтінім берілген дәрі-дәрмектердің атаулары мен көлемі, олардың қазіргі кездегі қолда бары, сондай-ақ алдағы уақытта жеткізілу мерзімі сияқты барлық ақпаратты онлайн режимде өздері көре алады. Дәрі-дәрмектерді сатып алудың, демек компания қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін маңызды қадам – сатып алудың электрондық форматына көшу. Ол әкімшілік кедергілерді жоюға, сатып алу рәсімдерінің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етуге, ең бастысы қазақстандықтардың бұл салаға деген сенімін нығайтуға мүмкіндік береді.
Жалпы алғанда, халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жұмыс­тары 2019 жылдың қаңтарында аяқталу деңгейіне жетпек. Меди­ци­налық ұйымдардан тізім бойынша алдын ала келіп түскен өтініш сомасы 203,5 млрд теңгені құрады. Бүгінге дейін бірыңғай дистрибью­тор екі ірі тендердің нәтижелерін қорытындылады. Олардың нәти­же­лері бойынша 348 дәрі түрлері сатып алынған, ал үнемдеу көлемі 13,5 млрд астам теңгені құрады.
Дәрілердің 503 түрі отандық өндірушілерден сатып алынады, үнем 1,5 млрд теңгені құрайды. Дайындаушы шетелдік зауыттар дәрі-дәрмектердің басқа ешқайда шығарылмайтын 110 түрін Қазақ­станға тікелей жеткізеді. ВИЧ, туберкулез және гепатит С науқас­тар үшін дайындалатын тағы 24 препарат халықаралық ұйым­дар­дан келеді.
Сатып алын­ған препараттар бір­ыңғай дис­трибью­тордың қойма­ларына қазір­дің өзінде жеткізіліп жатыр, енді 2019 жылдың қаңтарынан медициналық ұйымдар­ға жөнелтіле бастайды.

Бағдат ШАКЕРОВ

Дереккөз: Айқын