Дархан Кәлетаев қызметінен кетті

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

42 0 0

Бүгін Ақордада кадрлық ауыс-түйістер болып жатыр. Президенттің жарлығымен Дархан Кәлетаев қызметінен босатылды

НҰР-СҰЛТАН, 18 желтоқсан – Sputnik. Дархан Кәлетаев Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметінен босатылды», — делінген мәліметте.

Дархан Кәлетаев туралы не білеміз

1972 жылы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Приозерное ауылында туған.

1994 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін, 1997 жылы Қазақстан Республикасы президенті жанындағы мемлекеттік басқарудың ұлттық жоғары мектебін тәмамдаған.

Саяси ғылымдарының докторы.

Еңбек жолын 1995 жылы Қазақстан Республикасы министрлер кабинеті жанындағы тіл комитетінің бірінші санаттағы маманы, жетекші маманы болып бастаған.

2007-2008 жылдары – Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігі басшысының орынбасары.

2008-2009 жылдары – «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары.

2009-2016 жылдары – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының атқарушы директоры.

2016-2018 жылдары – Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаты.

2018 жылы – Қазақстан Республикасы дін істері және азаматтық қоғам министрі.

2018-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы қоғамдық даму министрі.

2019 жылғы наурыз – Қазақстан Республикасы премьер-министрі кеңсесінің басшысы.

2019 жылғы 25 наурызда Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

«Құрмет» орденімен, бірқатар медальмен марапатталған.

Үйленген, 2 баласы бар.



sputniknews.kz