Дәретханаға жасырынған: Оралда түнгі клубтағы жағдай видеоға түсіп қалды
Оралдық полицейлер рейд жүргізіп, карантин шараларын бұзып жұмыс жасаған түнгі клубтың қызметін тоқтатты. Тәртіп сақшылары келушілердің кейбірі дәретханаға жасырынуға тырысқанын атап өтті.
Департаментте атап өткендей, 20 қараша күні сағат 23.00 шамасында Палладий сауда үйінің жертөлесінде орналасқан ФСБ түнгі клубына тексеру жүргізілді.
«ФСБ клубында 80-ге жуық адам болды. Карантинді бұзғаны үшін жауапкершіліктен құтылғысы келген кейбір келушілер мекеменің дәретханасында жасырынуға тырысты. Қонақтарға әкімшілік хаттамалар жасалды. Сондай-ақ, клуб иесіне ҚР Әкімшілік кодексінің 425-бабы бойынша материал жинақталды », — деп хабарлады БҚО полиция департаменті.