«Дәретханадан су ішіп, нәжіс жеуге мәжбүрлеген» — Атырауда балалар ауылының тәрбиеленушілерін қорлаған

0

«Шаңырақ» балалар ауылында тәрбиеленушілерді дәретханадан су ішуге және нәжісті жеуге мәжбүрлеген.

Тәрбиеленушінің әңгімесі жазылған бейне желіге орналастырылды. Онда жігіт балаларға ойға келмейтін қорлау әрекеттері жасалғаны айтылады.

Кадрларда Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева бейнебақылау камераларын қарайды. Осы кезде қыздардың бөлмесінде белгісіз ер адам кіргенін байқаған. Мекеме қызметкерлері оның кім екенін  айта алмады.

Осыдан кейін  тәрбиеленуші балалардың күнделікті өмірінің сұмдық жағдайларымен бөліскен.

«Менімен ғана емес. Барлығының басынан өтті… Үлкен дәретке баратын. Бізде Медет есімді бала бар. Оны да мазақ етті. Оны нәжіс жеуге мәжбғрледі. Осыдан кейін ешкім Медетпен сөйлескен жоқ», — дейді тәрбиеленуші видеода.

Атырау облысының полициясы бұл оқиғаға түсініктеме берді.

«Шаңырақ» балалар үйіне қатысты Атырау полиция басқармасы «кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау» ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабының 2-бөлігі бойынша тергеу жүргізуде. Өзге ақпарат ҚР ҚІЖК — нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды», — делінген хабарламада.

Атырау облысының білім басқармасы мекемеге прокуратура қызметкерлері келгенін хабарлады.

фото: egovpress