Данэлия Тулешова көпшілікке жаңа бейнебаянын ұсынды

Қазақстандық жас әнші Данэлия Тулешованың жаңа клипі көрерменге жол тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл туралы әнші өзінің Instagram парақшасында жазды. «Таңғаларлық әнші Эмбер Рэйлидің #Colourblind атты әніне кавер жазып, тыңдарманға ұсынғаным үшін қуаныштымын», – деп жазды Данэлия Тулешова өз парақшасында. Бір тәулікте видео 20 мыңға жуық қаралым жинаған.