Данэлия Тулешова америкалық шоуының финалында өнер көрсетті

0
0

Қазақстандық жас әнші Данэлия Тулешова танымал America’s Got Talent телешоуының финалында өнер көрсетті.

«Мен America’s Got Talent финалында өнер көрсеттім! Мен шын мәнінде бақыттымын, біз мұны жасадық! Сіздерді қатты жақсы көремін!», – деп жазды Instagram парақшасында әнші қыз.

Данэлия Тулешова атақты шоудың финалында австралиялық әнші Сианың «Аlive» әнін орындады.

Қазақстандық әнші жанкүйерлерінен өзіне дауыс беруін сұрады.

«Бүгін сол түн. Маған бәрі керек! America’s Got Talent-те жеңу үшін маған дауыс беріңіздер! Рақмет!», – деп жазды ол.

Финалға 10 әртіс қатысты, олардың 6-ы әр түрлі жастағы вокалистер. Енді, жобаның алдыңғы екі турындағы сияқты, бір тәулік ішінде финалистерге дауыс беру өтеді, нәтижелері ертең жарияланады.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз