Данэлия Төлешоваға қалай дауыс береміз?

0
Мәдениет

Қысқа сілтеме алу

22 0 0

Дауыс беру 23 қарашада басталып, 25 қарашада концерттің тікелей эфирі басталғанға дейін созылады. Әртістер өнерлерін көрсеткен соң онлайн дауыс беру 15 минутқа ашылады

АСТАНА, 18 қараша — Sputnik. «Балалар Евровидениесі» қатысушыларына дауыс беру келесі жұма 23 қарашада басталады.

Қазақстандық әнші Данэлия Төлешова отандастарының қолдау көрсетіп, дауыс беруіне зор үміт артып отыр.

Қалай дауыс беруге болатыны туралы бүлдіршін өз парақшасында толық түсіндірді.

Дауыс беру 23 қарашада www.junioreurovision.tv сайтында басталады. Сол жерде барлық орындаушыларды алдын ала көруге болады.

Өз дауысыңызды көңіліңізден шыққан үш, төрт немесе бес қатысушыға бере аласыз.

Дауыс беру жексенбі 25 қарашада концерттің тікелей көрсетілімі басталар алдында жабылады. Минскідегі сахнада бүкіл қатысушы әнін орындаған соі дауыс беру тағы 15 минутқа ашылады.

Көрермендер даусы қорытынды нәтиженің жартысын анықтайды, ал қалған жартысы – төрешілердің құзыретінде.

«Достар, қорытынды нәтиже сіздердің дауыстарыңызға байланысты, сол себепті қолдауларыңызға үміт артып отырмын. Қазақстан, біз бірге күштіміз», — деп Данэлия Төлешова отандастарына үндеу жолдады.

«Балалар Евровидениесі» биыл Беларусь астанасы Минскіде 25 қарашада өтеді. Салтанатты ашылу рәсімі  19 қарашада «Минск Аренада» болмақ.

Қазақстан атынан алғаш рет Данэлия Төлешова байқауда өзінің дарынын бүкіл әлемге паш етеді.

Минскіде Төлешова «Өзіңе сен» әнін ағылшын тілінде айтады. Бұл әннің бейнебаянын YouTube желісінде 400 мың адам тамашалапты.