Данэлия Төлешова үшінші нөмірде өнер көрсетеді

0

Данэлия Төлешованың финалда үшінші болып ән айтатыны анықталды. Шоу украиналық Дарина Красновецкаяның өнерімен ашылады. Одан кейін португалиялық Рита Ларанжейра сахнаға шығады. Данэлиядан кейін Албания өкілі Эфи Гика төртінші болады.

Бесінші — ресейлік Анна Филипчук, алтыншы — Нидерландтан келген Макс & Анна, жетінші — әзербайжан Фидан Гусейнова, сегізінші — Беларусь өнерпазы Даниэль Ястремский, тоғызыншы — Ирландия өкілі Тейлор Хайнс, оныншы — сербиялық Бояна Радованович, он бірінші нөмірмен италиялық Мелисса & Марко шығады, он екінші — Австралия өкілі Джаэль, он үшінші — грузиялық  Тамар Эдилашвили, ал одан кейін Ноам Дадон (Израиль) және Анжелина (Франция) ән шырқайды.

Македониялық Мария Спасовская он алтыншы, армениялық Л.Е.В.О.Н он жетінші, уельстік Манв он сегізінші, Мальта өкілі Эла он тоғызыншы болмақ. Финал Польшадан келген Роксана Венгельдің өнерімен қорытындыланады.