Домой Жаңалықтар Данияр қолын ішіме қойып «сен жүктісің» деді — Жәния Джуринская (видео)

Данияр қолын ішіме қойып «сен жүктісің» деді — Жәния Джуринская (видео)

0
268

Жуырда ана атанатынын хабарлаған Жәния Джуринская бұл жаңалықты алғаш қалай білгенін айтып берді. Сөзіне қарағанда, оның сәби күтіп жүргенін өзінен бұрын күйеуі түсінген. Жарының сезгіштігіне таңырқаған блогер бұл жағдайға «біртүрлі болды» деп баға берді, деп хабарлайды kznews.kz сайты Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Біртүрлі болды. Данияр қолын ішіме қойып: «Бірдеңе өзгерді, сен жүктісің», — деді. Ол кезде ішімде енді ғана жаңа өмір пайда болған еді», — деп бөлісті Джуринская.

Жақында Жәния өмірдегі жақыны атасынан айырылып қалған еді. Ол сүйінші хабарды атасына жеткізіп үлгергенін жеткізді.

«Сенің атаң» деген сөзді естісем болды, көзіме жас келеді. Бала болмағанда, тұңғиыққа, мұңға батып кетер едім. Оның жақында кететінін сезгендей, қазан айында той жасап, бала көтеріп, бұл жаңалықты айтып үлгердім. Ал бір айдан кейін ол кетіп қалды», — деп жазды Жәния.

Ал Данияр Хизметов жаңалықты алғаш естігенде қандай әсерде болғанын видео арқылы көрсетті.

Видеоны осы сілтеме арқылы көре аласыз.