Данияр Елеусіновтің менеджері боксшының келесі жекпе-жегі туралы айтты

0

Спорт

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Қазақстандық боксшы намибиялық Джулиус Индонгомен жекпе-жек өткізеді, қазіргі уақытта титулға қатысты келіссөздер жүргізіліп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 29 ақпан — Sputnik. Данияр Елеусіновтің менеджері боксшының келесі жекпе-жегі туралы айтты.

Зия Әлиевтің айтуынша, қазір жекпе-жек туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Sports.kz.

Елеусіновтің келесі қарсыласы – бірінші жартылай орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы, намибиялық Джулиус Индонго (23-2, 12 КО).

«Титул бойынша келіссөздер әлі жүргізіліп жатыр. Қандай ұйым болатынын білмейміз, мүмкін WBC, мүмкін WBO. Бұл мәселені алдағы уақытта талқылаймыз. Бірақ белбеу үшін тартыс болады, жекпе-жек 10 раундқа созылады», – деді Зия Әлиев.

Айта кетсек, Елеусінов соңғы жекпе-жегін 2019 жылдың желтоқсанында өткізген болатын. Ол кезде боксшы америкалық қарсыласы Алан Санчесті бесінші раундта нокаутқа жіберді.

Индонго соңғы рет шаршы алаңға өткен жылдың тамызында шықты, ол екінші раундта америкалық Карлтавиус Джонсонды нокаутқа түсірді.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз