Данияр Елеусінов жетінші жекпе-жегінде де жеңіске жетті – видео

0

Спорт

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Олимпиада чемпионы АҚШ-та чилилік Луис Норамбуэнамен кездесті  

НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр — Sputnik. Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (6-0, 3 КО) Оксон Хилдегі (АҚШ, Мэриленд штаты) бокс кешіне қатысты.

Ол чилилік Луис Норамбуэнамен (3-1-1, 0 КО) MGM National Harbor ойын-сауық кешенінде жекпе-жек өткізді. Жартылай орта салмақтағы бұл кездесуде төрешілердің бірауыздан шешімімен Елеусінов жеңіске жетті, деп хабарлады Sports.kz.

Осылайша, Данияр кәсіпқой бокста жеті жекпе-жек өткізіп, бәрінде қарсыласынан басым түсті, ал Норамбуэна карьерасында екінші рет жеңіліске ұшырады. 

Айта кетейік, Елеусіновпен әуелі мексикалық боксшы Мигель Самудио (43-12-1, 27 КО) жұдырықтасуы тиіс болатын, дегенмен Мэриленд штатының спорт комиссиясы оған рұқсат бермеді.

Назарларыңызға жекпе-жектің үзіндісі мен толық видеосын ұсынамыз.

 



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз