Данияр Елеусінов жеңісінен кейін сын айтқандарға жауап берді – Бокс

0
115

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов кәсіби бокстағы кезекті жеңісінен кейін жанкүйерлері мен сын айтқандарға үндеу жасады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

Кеше түнде Монте-Карлода (Монако) өткен жекпе-жекте қазақстандық боксшы никарагуалық Маркос Мохиканы жеңді, кездесу үшінші раундта аяқталды.

«Барлықтарыңызға Раxмет! Қолдауларыңыз үшін! Сындарыңыз үшін раxмет. Мені ол тек әрі қарай күшейте түседі!!!», – деп жазды Елеусінов Instagram парақшасында.

Еске сала кетейік, 27 жастағы Елеусінов үшін бұл бесінші жеңіс (үшеуі нокаутпен), ол кәсіпқой бокста бес кездесу өткізді.