Данияр Елеусінов жеңіліп көрмеген америкалықты бірінші раундта сұлатып салды – видео

0

Спорт

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Қазақстандық боксшы сол қолымен жойқын соққы жасап, Решард Хиксты нокаутқа жіберді. Осылайша ол кәсіпқой бокстағы 8-ші жеңісіне қол жеткізді

НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек – Sputnik. Данияр Елеусінов (7-0, 3 КО) жеңіліп көрмеген америкалық боксшы Решард Хиксты (12-0-1, 6 КО) нокаутқа жіберді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

10 раундқа жоспарланған жекпе-жек АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы Madison Square аренасында өтті. Қазақстандық спортшы жеңіліп көрмеген 34 жастағы америкалық қарсыласын бірінші раундта сұлатып салды. Осылайша, ол кәсіпқой бокста 8 жеңісіне қол жеткізді.

Кездесуді «Хабар» телеарнасы тікелей эфирден көрсетті. Жекпе-жектің толық видеосын төменде көруге болады. 



sputniknews.kz