Данияр Елеусінов Решард Хиксонмен жұдырықтасады

Қысқа сілтеме алу
Рио Олимпиадасының жеңімпазы 13 қыркүйекте Нью-Йорктегі «Мэдисон Сквер Гарден» аренасында шаршы алаңға шығады
НҰР-СҰЛТАН, 21 тамыз — Sputnik. Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов жеңілмеген америкалық Решард Хиксонға қарсы жекпе-жек өткізеді.
Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы кездесудің анонсын жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.
Кездесу 13 қыркүйек күні Нью-Йорк қаласындағы «Мэдисон Сквер Гарден» аренасында өтеді. Жекпе-жек 9 раундтан тұрады.
Данияр Елеусіновтің қарсыласы – 34 жастағы америкалық боксшы Решард Хикс.
Тағы оқыңыз: Мырзағали Айтжанов Данияр Елеусінов туралы ойын ашық айтты
13 қыркүйек күні «Мэдисон Сквер Гарден» аренасында өтетін бокс кешінің ең басты жекпе-жегі – америкалық Девин Хэйни мен ресейлік Заур Абдуллаевтың арасында өтеді.
Айта кетейік, осыған дейін қазақстандық былғары қолғап шебері осы жылдың мамыр айында төрешілердің шешімімен чилилік Лус Норамбуэнды жеңген болатын.
sputniknews.kz